Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Елімізде орын алып жатқан індетті(пандемияны) болдырмауға, алдын алуға және таралмауына байланысты оқушыларымыз қашықтықтан білім алуға ауыстырылды. Осыған сәйкес мектеп педагог-психологтарының жұмыстары онлайн режимде жүргізіледі. Бізбен байланыс орнату үшін төмендегі онлайн форманы толтыруыңыз қажет. Форма толтырылғаннан кейін біз сіздермен міндетті түрде хабарласып, сұрақтарыңызға жауап береміз. Осы сайт арқылы сынып жетекшілер және ата-аналар консультацияға өтініш жібере аласыздар. Сайт арқылы танымдық ойындар, тренингтер, түзету-дамыту сабақтар, түрлі сауалдарға жауап ала аласыздар.